Мәдениет

Жерлес актер Отандық сериалда басты рөлді сомдады

Владимир Шустов – актер, қоюшы-режиссер, Қазақстан мәдениетінің Құрметті қайраткері

– Мен фильмде қарияның біздің кездегі образын сомдадым. Ал жас кезін қарағандылық актер ойнады. Түсірілім кезінде көптеген дубльдар қайта жасалып, уақыт кетті. Менің көзім көгілдір, ал жас кезімдегі жігіт қой көзді. Маған линза тағуға тура келді.

Отандық сериалдағы рөлге Владимир Шустов ойламаған жерден ие болды. Ол жаңа фильмде түскен жалғыз солтүстікқазақстандық актер. Жалпы туындының сюжеті ойдан шығарылған. Бірақ сұрапыл соғыстың шынайы тарихы бейнеленеді. Сериалдың режиссері барлық картиналарды флешбэк түрінде құрастырған. Яғни, соғыстағы эпизодтар – майдандас екі ардагердің басынан өткендеріне құрылған. Қос батырды бір-бірінен соғыс айырған екен. Бірақ тағдырдың жазуымен 70 жыл өткеннен соң олар 9-шы мамыр күні мектепте кездеседі.

Владимир Шустов – актер, қоюшы-режиссер, Қазақстан мәдениетінің құрметті қайраткері

–  Фильмнің түсірілімі Алматы қаласында, үйдің ішінде және мектепте өтті. Ал негізгі соғыс жылдардағы уақыт Алатау бөктерінде түсірілді. Эпизодтар үшін қажетті пейзаждарды іздедік.

«Приказ вернуться живым!» сериалы 8 мамыр күні “Хабар” телеарнасында көрсетілген болатын. Кинотаспаға барлығы 5 серия кірді.

Риат Шони.