Мәдениет

Жергілікті театр ұжымы гастрольдік сапармен еліміздің екі қаласын аралауға аттанды

Спартак Рамазанов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры

– Гастрольдік сапарға бара жатырмыз. Барлығы театрдың 30 қызметкері. Екі қалада біздер көпке танымал “Менің байғұс Маратым”, “Гарнир по-французски” және “Чемоданное настроение” атты туындыны қоятын боламыз.

Жергілікті театр әртістері үшін бұл жолғы гастрольдік сапар ерекше болғалы тұр. Шығармашылық топ мұндай көшпелі қойылымдар еліміздің өзге де театрларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін айтады.

Ирина Полещук – Н.Погодин атындағы облыстық облыстық драма театрының әртісі

– Өз басым гастрольдік сапарға алғаш барғалы тұрған жоқпын. Әрине, сахналайтын туындыларымызды тамашалауға көрермендер жиналады деген сенімдемін.

Сондай-ақ, Николай Погодин атындағы орыс драма театрының ұжымы күзде әріптестік мақсатта Омбы, Екатеринбург және Көкшетау қалаларында өтетін фестивальдерге қатысуды жоспарлап отыр.

 

 

Бакыт Садуакасов.