МТРА жаңалықтары

Биыл Петропавлдағы қөпқабатты баспаналарда 8 ескі лифт жаңасына алмастырылмақ

Лидия Литвинова , Мир көшесі, 294 мекенжайының тұрғыны

– Ескі лифтіміз дұрыс істемейтін. Жиі істен шығып, жоғары көтерілгенде қатты дыбыс шығаратын. Электриктерді бірнеше рет шақыртатынбыз. Қазір енді тыныш, тұрғындардың барлығы риза. Өзім дүкенге барғанда болмаса, далаға жиі шыға бермеймін.

“Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы шеңберінде Мир көшесі, 294 мекенжайында орналасқан 9 қабатты баспанаға барлығы 3 жедел саты орнатылды.

Анатолий Пляшешников, “Снежана” ПИК төрағасы

– Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына жүгініп, үш подъездегі лифтілерді 11 млн. теңгеге сатып алдық. Қазір жаңа қондырғы үшін 4-шіден бастап 9-шы қабаттағы пәтерде тұратындар айына 2 мың теңге төлейді. Біз қарызды 7 жыл ішінде қайтаруға ниеттіміз.

Биыл “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы аясында облыс орталыындағы көп қабатты тұрғын үйлерде 8 жаңа жедел саты орнатылуы тиіс.

 

Берик Касен.