МТРА жаңалықтары

Батырхан Шүкеновтың туған күнінде халқы оны еске алды

Осы жерде фотокөрме ұйымдастырылды. Көрнекілік арқылы келушілер әншінің өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат ала алды. Дәл осы күні, мамырдың 18-інде Батырхан Шүкеновты еліміздің өзге аймақтарынан бөлек Ресей мен Қытайда тұратын өнер сүйер қауым да еске алды.

Күлизат Шахатова, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханасының қызметкері

– Батырхан – Қазақстанның ғана емес, ол Ресей мен Азия елдерінің әншісі деп ойлаймын. Оны кішкентай баладан үлкен кісілерге дейін ұмытпайды. Ол жастарға үлкен қолдау көрсетті. Батырхан Супер стар кз теле жобасында қазылар алқасына мүшелік еткенде дарынды әнші Алмас Кішкенбаевтың талантын танып, оны үлкен сахнаға алып шықты деп ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда, оны бәрі қарапайым адам болған дейді.

Эстрада әншісінің жеке орындауындағы туындыларын үлкен-кіші талғамай тыңдайды. Галина Жукова Батырхан Шүкеновтың әндерін тыңдасам көңіл-күйім жақсарады дейді.

Галина Жукова, СҚО жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы

– Батырхан Шүкеновтың әндерін 7-сыныптан естіп келемін. Маған оның жаңбыр туралы әні ұнайды. Менің ойымша, Батырхан еліміздің мәдениет саласына көп үлес қосты.


Күміс көмей әншіні танитын адамдар оны ән айту мәнері мен қайталабас қолтаңбасымен ерекшеленетін деп еске алады.

Гүлшат Құсайынова

– Батырхан Шүкеновтың “Отан ана”, Джулия” әндері маған қатты ұнайды.

Осында жиналған жерлестеріміз Батырхан арамыздан кетсе де, жүрегімізде оның әні мәңгі жатталып қалмақ деді.

Берик Касен.