МТРА жаңалықтары

Жаңа заңнама бойынша құны 1000 еуродан асатын тауарға қосымша құн салығы салынады

Тамара Манцуровская – “Қазпошта” АҚ СҚОФ пошталық технология бөлімінің басшысы

– Жуырда тұрғындарды үрейлендірген заңдағы өзгеріс қарапайым халыққа аса әсер ете қоймайды. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Тек, жеке тұлғаның мекен-жайына жіберілген зат түрі – өндірістік немесе коммерциялық мақсатта қолданылмауы тиіс.

Жалпы жолданатын тауардың санына да шектеу қойылмаған. Тек қана, бір ай ішінде пошта арқылы келетін тауардың жалпы кедендік құны 1000 евродан, ал салмағы 31 килограмнан жоғары болмауы шарт. Өзгерістер болса, пошта арқылы жолданатын бағасы 1000 еуро мен 10 000 еуро аралығындағы тауарға қатысты деп отыр пошта қызметкерлері.

Тамара Манцуровская – “Қазпошта” АҚ СҚОФ пошталық технология бөлімінің басшысы

– Жақында күшіне енген заң Кеден одағының аумағына тасымалданатын тауардың құны 1000 еуродан 10 000 еуроға жеткенде қолданылады. Оған қоса тасымалданатын тауардың салмағы 50 келіден асқан жағдайда салық жаңа ережелер бойынша есептеледі.

Бакыт Садуакасов.