Спорт

Петропавлда жасөспірімдер арасында бокстан өңірлік чемпионат жалауын көтерді

Бірінші болып рингке шыққан Альбина Төлегенова мен Жадыра Ахмадиева. Екеуі де Петропавлдың атынан қолғап түйістіруде. Қыздардың аяқ алысы жаман емес, бірақ осы уақытқа дейінгі тынымсыз жаттығулар нәтижесін беріп, бұл жолы Жадыра басымдық танытты. 18 жасар нәзік жандының кикбоксингпен шұғылдана бастағанына не бары 1 жыл.

Жадыра Ахмадиева , Петропавл облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі

– Мен негізі кикбокспен айналысамын. Онда аяқ қимылдарын да пайдалануға болады. Ал біз бүгін тек қол қимылдарын пайдаландық, яғни таза бокс. Мен спорттың бұл түрімен 2 жылдан бері айналысамын.

Шаршы алаңда қолғап түйістіріп жатқан келесі жұп – облыс орталығының спортшылары Әлібек Тоғжанов пен Асылхан Ебішев. Олар 18 жастан жоғары дәрежеде сайысқа түсетін ересектер тобынан бірінші болып рингке шықты. Қос спортшы қол және аяқ техникаларын қатар пайдаланатын- кикбоксингтің майталмандары. Әзірге екеуінің де қимылдары ширақ, жақсы жаттыққандары көрініп тұр. Бірақ бірінші раундтың өзінде көк бұрыштағы бокшы – Асылхан ереже бұзғаны үшін ескерту алып үлгерді. Ал, шабуылдың 2-3 раундында былғары қолғап шеберлерінің екеуінің де баллдары шегерілді. Оларға берілген уақыт аяғына жетіп, қызыл жейде киген – Әлібек жеңімпаз деп танылды.

Сабыржан Сақтағанов , бас төреші

– Сайысқа былтыр 60 жас спортшы қатысқан. Биыл олардың саны 90. Бұл әрине қуанарлық нәтиже. 6 ауданнан қатсушылар келіп отыр. Бүгін жеңгендер финалға өтеді.

Бүгін жалауын көтерген Солтүстік Қазақстан өңірлік чемпионаты 3 күнге созылады. Бұл сайыс 28-31 мамыр аралығында Қызылордада өтетін Республикалық додаға іріктеу. Қызылордада теріскейдің намысыны кімнің қорғайтыны тек 17-ші мамырда анықталмақ.

Акбопе Танирберген.