Ауыл шаруашылығы

Петропавлда ірі қараға екпе егу науқаны басталды

Любовь Столярова

– Мен мұнда бұзаулы сиырымды жетектей келдім. 9 мамырда төлдегендіктен, бұзауына “Жеңіс” деп ат қойдым. Дәрі ектіруден ешқашан қалған емеспін. Вакцина түрлі аурулардан сақтандыруға өте қажет. Мысалы мен сауған сүтімді сатқанда тұтынушыға сиырымның төл құжатын, ондағы екпенің тізімі мен басылған мөрді көрсетемін.

Сондай-ақ, ветеринарлар сырғасы түскен малға қайта ен салып, құжаттандырып, сарып ауруының бар-жоғын анықтау үшін қан сынамаларын алып жатыр. Өйткені дәл осы дерт үй жануарларына үлкен қауіп төндіреді. Айта кету керек, мал ауруларынының алдын-алу шараларына қажетті екпе бюджеттен бөлінген қаражат есебінен тегін жасалады.

Инадж Абдуллаев

– Менің сиырымның аты “Красуля”. 6 жаста. Бұрын таққан сырғасы жоғалып қалып, бүгін жаңа құжат алып, жаңа номер тақтық. Тұрғындар үшін тегін екпе жұмыстары өте пайдалы. Сүт өнімдерін еш алаңсыз пайдала беруге болады.

Дәрі егіліп, қан алынған малдың құжатына қандай ауруға қарсы екпе жасалғандығы жазылып, тіркеуге алынады. Әзірге қалада жағдай тұрақты, ешбір қауіпті ауру тіркелмеген.

Ибраим Көрпенов , СҚО Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринарлық станциясы” ШЖҚ КМК директоры

– Жыл сайын малдарды бруцелезға, туберкулезге тексереміз. 2012 жылдан бері қарай аталмыш дерттің түрі қала аумағында тіркелген жоқ. Сосын Сібір безгегіне қарсы екпе де жасалады. Сібір жарасы соңғы рет қала аумағында 1972 жылы тіркелген. Бүгінгі жұмыстарды істеу үшін қала бюджетінен 1 млн. 500 мың теңге бөлінді. Оған Астана қаласынан арнайы вакциналарды алдырттық. Сол қаражаттың барлығы қажетті шаруаларымызға жетті.

Үй жануарларына дәрі егу мамыр айының соңына дейін жалғасады.

– Жұмысшы кентінің баурайында жайылып жүрген мына сиыр малдарынан жаңа ғана қан алынды. Оның қорытындысы 10 күннен кейін белгілі болады. Ал дәл үш күн өткесін оларға аса қауіпті саналатын сібір жарасына қарсы екпе жұмыстары жүргізілмек.

Акбопе Танирберген.