Билік

Өңірде кәіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

 

– Шағын және орта бизнестің сапалы дамуы жолында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының атқаратын рөлі ерекше. Бүгінде қор кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды табысты жүзеге асырып жатыр. Солардың бірі- «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы. Баршаңызды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтаймын. Филиал қызметкерлеріне табыс тілеймін.

Бұдан соң орталықтың салтанатты түрде таспасы қиылды.

Кең, жарық әрі мұнтаздай таза ғимарат ішінде қатар- қатар мамандар жайғасыпты. Олар кәсіпкерлерге кеңес беріп, қызмет көрсетпек. Кеңсе ішін аралаған облыс әкімі Ерік Сұлтанов қызметкерлермен де тілдесті. Қаржы институттарының шарттарымен танысып, өңір кәсіпкерлерінің негізінен қандай мәселе бойынша келетіндігін сұрастырды. Бүгіндері өңір бизнесмендері жүк тасымалы мен өсімдік шаруашылығын дамытуды қарқынды жүргізуде. Бұл ретте аймақ басшысы әсіресе, көкөніс өндірісін жолға қою қажеттігін қадап айтты. Яғни, мамандар ісін дөңгелетемін деген солтүстікқазақстандықтарға бағыт- бағдар көрсетуі тиіс. Сондықтан бұл орталықтың ашылуы бизнесмендерге үлкен көмек болмақ.

Ләззат Ибрагимова- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы


–  Басты назар әрине ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытамын және өнеркәсіптік салаға қан жүгіртемін дегендерге берілмек. Біз көбіне мемлекеттік индустриалдық- инновациялық даму бағдарламасы бойынша қолдауға ие болған кәсіпкерлерге көмектесеміз. Петропавлда әсіресе, машина жасау саласы қарқын алуда. Сондықтан олар үшін субсидиялау мөлшері 7-ден 10 пайызға дейін артты. Бұл орталықтың жұмысы ісін дөңгелетемін дегендерге үлкен көмек болады. Өйткені Астанаға барып, уақыт жоғалтпай осы жерден барлық
кешенді қызмет түрлерін ала алады. Жалпы айта кететін болсам, сіздердің өңірлеріңізді біз ылғи үлгі етеміз. Өйткені басқа халқы көп аймақтарға қарағанда сіздерде мемлекет қолдауына жүгінетіндер көп.

Кәсіпкерлер болса мұндай орталықтың ашылғанына дән риза. Өйткені олар талай жылдан бері «Даму» қорының көмегін пайдаланып, оның артықшылығын сезініп келеді.

Аянбек Бижанов- «Бижанов» ЖК директоры

– «Даму» қоры арқылы 3 рет несие алдым. Қазір соның 7 пайызын ғана төлеп отырмын.тағы айта кететін болсам, бізді мұнда оқытты.Екінші бизнес- жоспар жасап берді. Бухгалтерлік есепке үйретті. Үкімет арқылы біздің төлейтін қарждымызды азайтып берді.

Жалпы бүгіндері мемлекет қолдауын өңіріміздің 386 кәсіпкері пайдаланған. Бөлінген субсидия көлемі де қомақты 28 млрд теңге. Келешекте бұл көрсеткішті, яғни қолдауды пайдаланатын бизнесмендер санын 1000-ға жеткізуді көздеп отыр.

Магжан Ахмадина.