МТРА жаңалықтары

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов жеңілдетілген өткізу бекетін салтанатты түрде ашты

Осындай маңызды нысанның ашылуымен ақжарлықтарды аймақ басшысы Ерік Сұлтанов құттықтай келе, жеңілдетілген өткізу пунктінің маңыздылығын атап өтті.

Жеңілдетілген бекетті ашу ұсынысын ауыл тұрғындары жасапты. Өтініштің қысқа уақытта орындалуына Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен өңірдің шекара қызметі ықпал еткен.

Мұхтар Сабидолданов – ҰҚК Шекара қызметінің орынбасары

– Ақжар ауданында ҚР ШҚ 2032 әскери бөліміне қарасты аумақта тағы бір жеңілдетілген өткізу пункті ашылғалы тұр.Мен осындай бекеттің салынғанына үлесін қосқан облыс әкімдігінің басшылығына алғысымды білдіремін. Бұл нысан халықтың мемлекеттік шекараны кесіп өтулеріне аса қажет, әрі барлығы жеңілдетілген.

Салтанатты шарада аймақ жетекшісіне ҚР ҰҚК төрағасының атынан «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі табысталды. Бұл мараптқа ел бойынша Ерік Сұлтановтан өзге 1-ақ адам лайық деп танылыпты.

Ал,жаңадан ашылған өту бекеті арқылы шекараны кесу үшін көп құжат қажет емес. Жеке төлқұжат, үй кітабы болса жетілікті. Осы құжаттармен 3 күнге дейін шекаралас елді мекенде болуға рұқсат етіледі.

Максим Макаренко – “Кішкенекөл” шекара комендатурасының коменданты

– Үлкен кеден бекеттері тас жолдарда орналасқан. Онда барудың өзі бір күш. Өздеріңізге мәлім Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік те достық та жоғары деңгейде. Сол себепті осы пункт ашылды.

Тұрғындар үшін бұл көптен күткен сый болды. Қойы қоралас жатқан көрші селоға енді санаулы минуттарда жетеді.

Жалпы бүгінде облыс аумағында дәл осындай мемлекеттік шекараны кесіп өтетін 27 жеңілдетілген өткізу пунктері жұмыс істеп тұр.

Бакыт Садуакасов.