Білім

ҰБТ-ге оқушыларды дайындау

Махаббат Ережепова- № 17 ұлттық өркендеу мектеп- кешенінің 11 сынып оқушысы

– қазір ҰБТ-ға мұғалімдермен де , үйде өзім де дайындалоып жатырмыр. Келешекте физика пәнінің мұғалімі болғым келеді. Сондықтан жақсы ұпай аламын деп ойлаймын.

Маңызды сынақ алдында оқушыларға қандай психологиялық қолдау көрсету қажет? Осы тақырыпты бүгін ұстаздар қауымы, психолог мамандар мен ата-аналар талқылады. Олар түлектерді ҰБТ алдында жан-жақты дайындау қажеттігі жайында айтты. Мамандар осы уақытта балаларға қолдау көрсетіп, оң қабақ танытып, бар жағдайды жасау керектігін айтады. Яғни, олар басқа нәрселерге елеңдемеуі тиіс.

Айнұр Иманбаева- ата-ана

– Балам қандай ұпай алмасын, ең бастысы амандығы қажет. Бірақ мен оның біліміне сенемін. Өйткені ұстаздармен өзі де жақсы дайындалып жатыр.

Айта кету керек, биыл сынақ ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді оқушының ҰБТ алған бағасы емес, аттестатқа ортақ баға, яғни жылдық қортынды мен сынақ та алған ұпай енгізілмек.

Валентина Черных- СҚО білім басқармасының бөлім басшысы

– Тағы бір енгізілген жаңашылдық ол – ҰБТ тапсырғаннан кейін оның қортындысы сол жерде қабырғаларға ілініп, жария болатын. Ол өте ыңғайсыз. Оқушылар қысылып, қымтырылып, сол жерге баратын. Оның үстіне бұл ақпарат түлектерге психологиялық жағынан жағымсыз әсер ететін. Яғни олар тақтада бірден бағаларын салыстырып, нәтиже барлығының назарында болатын. Ендігі уақытта сынақ қортындысы код және ИИН бойынша жазылады. Тіпті биылдан бастап, нәтижені білуге ҰБТ тапсырған жерге де барудың қажеті жоқ. Барлығын сайттан көруге болады.

Жалпы биыл өңір мектептерін 3733 түлек тәмамдамақ. Солардың 2439-ы ҰБТ тапсырады.

 

Магжан Ахмадина.