Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Борышкер” рейді жалғасуда

Ақышов Шамшиден – Петропавл қаласының ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің орынбасары, полиция майоры

– 13 мамыр мен 15 мамыр аралығында Петропавл қаласының аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Бұл шараның басты мақсаты – жүргізушілердің уақытылы төлемеген айыппұлдарын өндіріп алу. Егер де айыппұл төленбеген болса, онда көлік ақылы автотұраққа қойылады. Бірінші күні арнайы автотұраққа 7 көлік кіргізілді.

Полицейлер «Ауди-100» маркалы мына автокөліктің жүргізушісіне де осындай шара қолдануға мәжбүр. Өйткені, темір тұлпар иесінде 2014 жылдан қалған 1852 теңгенің әкімшілік айыппұлы бар екені анықталды. Бұл азамат қарызын төлегенімен, түбіртегін тапсырмаған.

– 2014 жылғы айппұл 1852 теңге. Көлігімді автотұраққа әкетпекші. Бұл соманы мен төлегенмін. Тек қолымда түбіртегім жоқ. Үйде қалды. Енді мен не істеймін?!

Қалай болғанда да, «Ауди-100» көлігі арнайы автотұраққа тоғытылды. Барлығы мұнда 366 автокөлік пен 66 мотоцикл уақытша тұрақ тапқан. «Борышкер» рейді ұйымдастырылған екі күннің ішінде 35 жүргізушіге әкімшілік айыппұл белгіленіп, 15 көлік арнайы автотұраққа жіберілді. Барлығы 150-ден астам көлік тексерілген. Сөйтіп, өңірдің жол полицейлері мен сот орындаушылары біріккен рейд барысында 250 мың теңгенің айыппұлдарын өндіріп алды.

Айгерім Ержанова.