МТРА жаңалықтары

Петропавлда алғаш рет робототехникадан аймақтық фестиваль өтті

Пет Найду, робототехника бойынша халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, Қостанай қаласы

– Қазақ елі дамушы елдердің санатында. Сондықтан осы елдің азаматтары тәжірибесі мол инженерлердің еңбегіне қарап қалмай, балалардың идеяларына да үнемі назар аударып отырғаны жөн. Көп жағдайда біз балалардың пікірімен санаса бермейміз. Ол қате. Шындығына келгенде, баланың ұшқыр қиялын біз пайдалана отырып, оның қабілеттерін дамытуға көмек беруіміз қажет. Өйткені, баланың ой еңбегі арқылы жаңа жетістіктерге серпіліс алуға болады.

Баланың математика, физика, информатика сынды пәндерді оқуға деген қызығушылығы артады. Және ол өздігінен іздену дағдысын қалыптастырады. Осы тұрғыдан алғанда робототехника үйірмесінің артықшылығы көп. Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы қаламызда 2 күнге қалып, мектеп мұғалімдеріне роботехника үйірмесінің маңыздылығын түсіндірмекші.

Данияр Уәлиев, жаттықтырушы

– Байқау 5 номинация бойынша өтеді. Алдымен үміткерлер роботтарын бұзып оны қайта құрастыру қажет. Және оған бағдарлама енгізу керек.

Өңірімізде алғаш ұйымдастырылған аймақтық роботехника фестиваліне Көкшетау, Қарағанды, Астана қалаларынан жиыны 60-қа жуық оқушы шақырту алды. Үміткерлердің қатарында осы іспен ең кемі 5 жыл әуестеніп жүргені бар.

Шолпан Тұмарбекова, аймақтық роботехника фестиваліне қатысушы, Тараз қаласы

– Сумо роботында 2 үлкен қозғалтқыш моторы бар. Бұл роботқа 6 батарея салынды. Оның қуаты ұзаққа шыдайды. Осы тектес роботтарды далада ағаш отырғызуға үшін пайдалануға болады деп есептеймін.

Ұйымдастырушылар, роботехника болашақта оқушылардың техникалық саланы көптеп таңдауына түрткі болады деген сенімде.

Данияр Уәлиев, жаттықтырушы

– Робототехника үйірмесі баланың сыни тұрғысынан ойлау жүйесін дамытады. Болашақта мамандығын таңдауына септеседі.

Техникалық салаға бағытталған іс-шараның Қазақ мектеп-гимназиясында өтіп жатқаны кездейсоқтық емес. Себебі осыдан 2 жыл бұрын өңірімізде алғаш рет осы білім ошағында робототехника үйірмесі ашылған. Бүгінде оған 50-ге жуық петропавлдық оқушы қатысады.

Берик Касен.