МТРА жаңалықтары

Өңір омарташыларының ісі өрге домалауда

Олег Гаврилов – «Пассик Қызылжар» ЖШС директоры

– Өңірімізде жиналған балдың дәмдік көрстекіші өте жоғары. 34-тен 36-ға дейін жетеді. Оған қоса экологиямыз таза. Өзге елдер біздің өнімімізге қызығушылық танытуда. Қазір Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мамандар сараптама жасап жатыр. Жуырда өңірімізге келуі мүмкін.

Корпат тұқымдас аралардың отаны -Украина елі. Бал жинайтындары 6-дан 9 ай, ал аналықтары 5 жылға дейін өмір сүреді. Омарташылықпен 6 жыл бойы айналысып келе жатқан Виктор Будин араларды тасымалдауға арналған жәшіктерден кең омартаға абайлап, ақырын салуда. Себебі жылдам жасалған әрекет кезінде жәндіктер шағып алуы мүмкін. Дегенмен, ара шаруашылығымен айналысу өте тиімді дейді дейді ол.

Виктор Будин – «Пассик Қызылжар» ЖШС омарташысы

– Өткен жылы бізде неміс, поляк тұқымдас жәндіктер болған. Бірақ олар өңірімізге бейімделе алмады. Қазір австриялық карника мен украиналық карпат тұқымдастарын алдық. Олардың өнімі мол.

«Пассик Қызылжар» ЖШС-гілер биылғы жазда жинаған балдарының 100 тоннасын күзде Біріккен Абар Әмірліктерінің Дубай қаласына экспорттауды жоспарлап отыр. Қазір бұл бағытта екі жақты келісімсөз жүргізілуде.

 

Риат Шони.