Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Петропавлдағы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда болды

«Фармсептика» ЖШС жобасы іске асса, 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Ал мынау облыс әкімі Ерік Сұлтанов аялдаған екінші нысан – «Радуга» ЖШС. Қазір мұнда ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Серіктестік таңғы асқа арналған құрғақ, әрі жылдам дайындалатын азық-түлік жасайтын кәсіпорнынды іске қоспақ. Ал мынау «Единство» ЖШС. Олар бетон және темір-бетонды конструкциялар мен өнімдерді шығарумен айналысады. Былтыр өндіріс көлемі 339 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 6,8 есеге артқан. Ал ағымдағы жылдың өткен уақыты аралығында 167,9 млн. теңгенің тауары жасалыпты. Бүгіндері мұнда 110 адам жұмыспен қамтылып отыр. Өңір жетекшісі барған келесі нысан- «Фирма Леонтьев» ЖШС-нің балғындарға арнап тұрғызып жатқан ойын-сауықтыру кешені болды. «Тайга» сауда орнының жоғарғы қабатында орналасатын ойын алаңына қазір аттракциондар әкелініп, монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Орталықта ата-аналары сауда жасап жатқанда, балғындар алаңсыз ойнай алады. Нақ осы күні аймақ басшысы Ерік Сұлтанов «Таткрафт Инвест» ЖШС тұрғызып жатқан «Семейный» сауда ойын-сауықтыру кешенінде де болды.

– Мына жерде 3, 5 мың шаршы метрге жайғасқан үлкен гиппермаркет болады. Ол жерде өзіміздің өнімдеріміз сатылады. Тағы 1200 шаршы метрде балаларға арналған ойын алаңдары болады. Оған 2-ші қабат қарастырылған.

Бұл бұрынғы Киров зауытының ғимараты, кәсіпкер оны қазір қайта қалыпқа келтіріп жатыр. 3 қабатты нысанда балалар алаңы мен дәмхана болады. Ең бастысы, заманауи сауда кешені пайда болмақ. Өңір жетекшісі аялдаған соңғы нысан – “Казградстрой НС” компаниясы салып жатқан «Қызылжар» тұрғын үй кешені болды. 176 пәтерлі баспанада қазір қарқынды түрде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

Магжан Ахмадина.