МТРА жаңалықтары

Бір түп кессең, он тал ек!

Наталья Качева – “Соколов орман шаруашылығы” КММ инженері, Қызылжар ауданы

– Біз жыл сайын ағаш отырғызуға бөлінген аумақтардың көлемін 5 гектарға ұлғайтып келеміз. Бүгінгі күнге дейін “Соколов орман шаруашылығы” бойынша 53 гектарға жерге жас көшеттер егілді.

Осы жылы “Соколов орман шаруашылығына” қарасты “Налобино шаруашылығындағылар” 14 гектарға жас көшет отырғызу қажет. Дәл қазір табиғат қорғаушылары мына аумаққа қайың ағаштарын егіп жатыр. Қаз-қатар орналасқан бұл көшеттердің ара қашықтығы талапқа сай болуы тиіс. Өйтпеген жағдайда талдардың солып қалуы ғажап емес.

Александр Кузнецов – “Налобин орман шаруашылығы” КММ орманшысы, Қызылжар ауданы

– Қазір біз мына 1 гектар аумаққа қайың егіп жатырмыз. Бұрындары жас көшеттерді қолмен отырғызуға көп уақытымызды жұмсасақ, ал қазір жағдай жақсарды. Барлық үрдіс техниканың көмегімен жүзеге асады.

Негізінде табиғат сақшылары жасанды түрде ағаш отырғызуды көктем және күз мезгілдерінде жүргізеді. Өйткені дәл осы уақытта көшеттің тамырлары топыраққа тез бейімделіп кетеді екен. Налобин орман шаруашылығының бұл өсімдіктерді күтіп-баптайтын жеке орман тәлімбағы бар. Бұл жердегі өсіп келе жатқан мына көшеттер келер жылы ашық жерге егілмекші.

Юрий Корнев – “Налобин орман шаруашылығы” КММ ормашысы, Қызылжар ауданы

– Уақытша тәлімбақтың жалпы аумағы 0,5 гектарды құрайды. Оның ішінде қарағай, шырша және қайың ағаштары егілген. Келер жылы осы көшеттерді жаңа жерге отырғызатын боламыз. Бір тәлімбақ аздық еткендіктен, өткен жылы қосымша орынды жасақтадық.

Бүгінгі таңда облысымызда 39 орман шаруашылығы болса, соның барлығында дерлік кесілген ағаштардың орнына жас көшеттер отырғызу жоспарға сәйкес орындалуда.

 

Бакыт Садуакасов.