Без категории

74 жылдан кейінгі кездесу

Леонид Логинов, Логинов Александр Дмитриевичтің ұлы

– Еміс-еміс есімде. Вагонға ауылдан көп адамды тиеп әкетті. Ішінде әкем де болды. Шешемнің жылағаны да көзімнің алдында қалыпты. Үйде 3 бала едік. Бүгінгі күні көзі тірі мен ғана. Соғыс біздің балалығымызды ұрлады. Аштық мен суықтарға төздік. Мен 15-ке келгенде анам да о дүниелік болды. Дәл 74 жылдан кейін әкемнің жатқан жерін таптым. Бойымды бір керемет қобалжу сезімі биледі. Іздеп тапқан оқушы-іздестірушілерге алғысым шексіз.

Сөйтіп, Логиновтар жанұясының отағасы Ресейдің Батыс Двинск ауданы Брод ауылында 2001 жылы қайта жерленген болып шықты. Майданда 908 атқыштар полкінің пулеметшісі болған қатардағы жауынгер – сұрапылға 1941 жылы маусым айында аттанған. Бірақ, 2 айдан кейін 28 тамызда Мәскеу түбіндегі қақтығыста Александровка ауылында оққа ұшады. Мына газетке 2001 жылғы қазба жұмыстары көзінде табылған сарбаздардың аты-жөндері жарияланған. Жауынгердің кеудесіне таққан медаліндегі жазу жер астында 60 жыл жатса да өшпесе керек.

Галина Логинова, Логинов Александр Дмитриевичтің келіні

– Біз Түмен облысында үйленіп, сол жерде тұрдық. Жолдасыма білім алу керек болып, Қазақстанға көшіп келдік. Қайын атамның мүрдесі 2001 жылы табылған. Біз ол жайлы тек 2005 жылы ғана білдік. Сол уақыттан бері жолдасым екеуіміз бір барып келуді арман еттік. Жағдайымыз болмады. Биыл Жеңістің 70 жылдығында қаражатымызды жинап немеремізді ертіп барып келдік. Мәскеуден 300 шақырым әрі орналасқан Брод ауылында арнайы монумент ораналастырылған екен.

Әке алдындағы соңғы парызымды орындап, иығымнан жүк түскендей болды дейді, көнекөз қарт. Соғыста шейіт болған сарбаз Александр Логиновтың соңында қалған жалғыз тұяғы – бүгінде жары Галина Леонидовнамен 2 баладан 10-ға жуық немере-шөбере сүйіп отыр.

Акбопе Танирберген.