МТРА жаңалықтары

Жас маман, ауылға қарай бас қадам

Инара Қажиева – Бескөл орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

– Міне қызметімді бастағалы 2-ші оқу жылы да аяғына жетіп қалды. Менің жұмысым, өзіме өте ұнайды. Балаларды да жақсы көремін. Бүгінгі таңда сыныбымда 24 шәкірт тәлім алуда. Биыл бастауыш сыныпта оқитын балғындардың саны 100-ге дейін артты.

Инара Қажиеваға “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға бюджеттік несие түрінде қолдау көрсетілді. Жас мұғалім Қызылжар ауданының Бескөл ауылында 2 бөлмелі пәтер сатып алған.

Азамат Жанбеков – “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның СҚОФ ауылдық ипотека бойынша маманы

– “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша мемлекет жас мамандарға тұрғын үйді иемдену үшін бюджеттік несие ретінде көмегін тигізуде. Қазіргі таңда бұл істі “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ қолға алды. Аталған бағдарлама аясында 2014 жылы облысымызда 386 233 962 теңгенің 161 займы берілді.

“Дипломмен ауылға” бағдарламасына білім, агро-өнеркәсіп, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада қызмет ететін жастар жүгіне алады. Сонымен қатар, жас мамандардың аталған салада еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек.

 

Сагыныш Маркашева.