МТРА жаңалықтары

Үнді тауарларының көрмесі жалғасуда

Дипак Годара – сатушы- кеңесші

– Көрмеге қойылған әр заттың жасалу үлгісі мен әдісі әр түрлі. Мәселен, мына жамылғы қолдан жасалған. Бір-біреуі кем дегенде 1 апта көлемінде тігіледі. Ою-өрнектермен безендірілген мұндай көрпе таза мақтадан жасалған.

Көрмедегі кез-келген затта пілдің суретін байқауға болады. Бұл кездейсоқтық емес. Себебі, үндістер үшін жануар қасиетті болып саналады. Бұл жолғы көрмеге үндістер түрлі ыдыс-аяқ пен дәрілік заттарды да жеткізген.

Кулхари Тулси- үнді тауарларының көрмесін ұйымдастырушы

– Көбіне жалбыз, герань, эвкалипт майлары петропавлдықтардың сұранысына ие. Соңғысын тұмау тигенде қолдануға болады. Сондай- ақ суға түскенде ваннаға кішкене ғана тамызуға, не массаж жасағанда қолданған ыңғайлы. Пайдасы өте мол.

Үнді қыздарына еліктеген бойжеткендер қолдарына қына бояуымен ою-өрнектер салғызып жатыр. Ол тек әдемілік пен әсемдікті білдіріп қоймай, тазалықтың да нышаны болып саналады. Қазақстанда шай аса үлкен сұранысқа ие. Сондықтан көрмеге атышулы үнді шайының да түр-түрі қойылыпты. Жұпар иісті сусын мұрынды жарып, еліктірмей қоймады. Ал олардың қасында асты дәмдейтін түрлі қоспалар жайғастырылыпты.

Кулхари Тулси- үнді тауарларының көрмесін ұйымдастырушы

– Етке арналған қоспалар бар. Егер мына дәмдеуіш барлық ет түрлерінен дайындалған асқа жарай берсе, мына біреуі тек тауық етіне ғана қосуға арналған. Ірімшікке арналған қоспалар мен шай ішуге қажеттілері де бар.

Сатушылардың айтуынша, тауарлардың барлығына табиғи таза бояу жағылған. Ол өңіп кетпейді, әрі зияны да жоқ. Жергілікті тұтынушылардың арасында түрлі әшекейлрмен көмкерілген үнді аяқ киімдері де сұранысқа ие.

Мағжан Ахмадина- тілші

– Көрмеге әшекей бұйымдарының да түр-түрі қойылыпты. Қыздың көзі қызылда демекші, мұнда келген әр солтүстікқазақстиандық нәзік жанды ең алдымен осы заттарды тамашалайды. Өйткені сапасы жоғары, бағасы қолжетімді, әрі таңдау да молынан.

Магжан Ахмадина.