Қылмыс

Ірі мөлшердегі есірткі затын саудалап жүрген 27 жастағы жігіт құрықталды

– Так, внимание! Управления по борьбе с наркобизнесом. Вы имеете право хранить молчание. Все, что вы скажете, возможно, будет использовано против вас в суде.

 

Кейін ұсталған азаматтың үйін тінту кезінде 5 келі марихуана заты табылды. Күдікті отбасын құрмаған және де еш жерде жұмыс істемейтін көрінеді. Бұған дейін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және наркологиялық диспансерде есепте жоқ. Бірақ, қала тұрғыны марихуананы өзім қолдану үшін сақтадым, – деп түсіндірді.

Диана Смагулова – Петропавл қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі

– Біздің қызметкерлер ірі көлемдегі марихуана затын сатып жүрген 1988 жылғы петропавлдық тұрғынды құрықтады. Одан кейінгі іздестіру шараларының нәтижесінде облыс орталығының аумағында есірткі затын саудалайтын орын анықталып, көзі жойылды. Ол жерден 5 келі есірткі заты тәркіленді.

Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің есірткі сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ұсталған азамат 10 жылдан 15 жылға бейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан Петропавл қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілдері заңсыз айналымнан 10 келідей түрлі есірткі затын тәркілеген. Оның 100 граммы – героин. Бүгінде өңірдің наркологиялық орталығында 649 нашақор есепте тұр.

 

Бакыт Садуакасов.