МТРА жаңалықтары

Петропавлдық бизнесмендер мемлекеттік – жеке меншік әріптестік аясында балабақшалар тұрғызуда

Олег Кунгурцев, “Титан-Север” ЖШС учаскедегі жұмысты қадағалаушы

– Қазір жерге бетон қазықтарды қағып, үстіңгі қабатына бетон құйып жатырмыз. Одан кейін 2 қабатын блоктармен тұрғызамыз. Барлығын плитамен монтаждап, 3- ші ярусын кірпішпен қалаймыз.

Жер төлемен қоса алғанда 2 қабатты ғимараттың жалпы аумағы 5000 шаршы метр болады. Қаланың қақ ортасында орналасатын балабақшаны “Титан-Север” ЖШС-нің жұмысшылары техникалық талаптарға сай етіп тұрғызудамыз дейді.

Сергей Копотилов, “Титан-Север” ЖШС өкілі

– Балабақша іргетасын мамырдың аяғында толығымен қалап бітіреміз. Нысанды типтік жоба бойынша тұрғызып жатырмыз. Техникалық талаптардан ешқандай ауытқушылық жоқ. Бұл ғимарат өзге балабақшаларға ұқсас болады. Жобалық сметалық құжат бойынша нысанның құны 500 млн. тг. Тұрады.

Осы күні еңбеккерлер құрылыс материалдарымен қамтылып, техникамен жарақталған. Балабақшаның қабырғаларын қалау жұмыстары маусым айында басталмашқы. Сонда ол шаруаға 120 адам жұмылдырылатын болады.

 

Берик Касен.