МТРА жаңалықтары

Майдан даласынан табылған құнды жәдігерлер

Александр Азегов – “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі

– Бұл жолғы Еске алу вахтасына біздің топ 11 адаммен барды. 23 күннің ішінде 38 солдаттың қалдығын көтердік. Ал жалпы барлық отряд 577 боздақтың сүйегін тапты. Онда 13 медальон оқылды. Қатарында жалғыз қазақстандық болды. 1916 жылы Ақмола облысында туған Рудищев Степан Иосововичтің қалдығын таптық. Негізінен ол жылдары қазақстандық бола тұра Ресей қаласында оқып жүргендіктен сол облыстардан майданға шақыртылған. Сол себепті қай елдің азаматы екенін анықтау қиындау болады.

Жалпы Александр Азегов “Еске алу” вахтасына 1993 жылдан қатысып келеді. Осы уақыт аралығында көптеген солдаттардың сүйегін тауып, жерлеген. Әсіресе, 2006 жыл нәтижелі болды дейді жерлесіміз. Онда экспедицияға қатысқандар 6000 батырдың денесін көтеріп, Ясная полянадағы бауырластар зиратына рәсімге сай жерлеген. Бірақ, елім деп еңіреген боздақтардың тұлғаларын анықтау оңай шаруа емес. 70 жылдан астам уақыт жер қойнауында жатқан көптеген жәдігерлердің сапасы жоғалып, жазулары өшіп қалған. Ресей жерінен клуб мұражайына әкелінген жаңа экспонаттар қос елге, яғни Вермахт пен Қызыл армия әскерлеріне тиесілі. Арасында кескілескен ұрыс кезінде оқ тесіп өткен ыдыс та кездеседі.

Александр Азегов – “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі

– Бұл Кеңес әскерінің танкіге қарсы снаряды. Вермахтыкілердің үрейін қашырған. Сырт көзге қарағанда шағын. Бірақ іске келгенде маңайындағын түгелімен жояды. Және мынандай немістердің майсауытында таптық. Бұған ұрыс кезінде оқ тиіп, мынандай тесік қалған.

Ендігі кезекте, әскери-патриоттық клуб мүшелері тың жәдігерлерді қалпына келтіріп, өздерінің мұражайларына жайғастырмақ.

Риат Шони.