МТРА жаңалықтары

Чекті суретке түсір де сыйлық ұтып ал

Арслан Валеев

– Мобильдік қосымша өте қарапайым әрі түсінікті. Қол жетімді. Мен акцияға қатысамын, алған тауарымның суретін түсіріп бүгін жіберетін боламын.

Акцияға Петропавл қаласы аумағында берілген кассалық түбіртектер ғана қатыса алады. Өзге аймақтардан және программалық құралдармен түсірілген түбіртек қабылданбайды.

Жібек Күлікова , Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

– Ал акцияға қатысуға құқығы жоқтар: Бақылдау кассалық машиналар чегі бойынша заңды және жеке тұлғалар – қатысушының өз атына тіркелген болса, яғни қатысушы өз кәсіпкерлігінің атынан қатысатын болса. Айына бір рет акция қорытындыланып тұрады. Жеңімпаздары туралы ақпаратты sko.kgd.gov.kz сайтынан алуға болады.

Ағымдағы жылы мамырдың 1-нен басталған шара қарашаның 30-шы жұлдызына дейін жалғасатын болады. Акция талаптары бойынша толық ақпаратты 46-45-65 телефонынан білуге болады.

 

Акбопе Танирберген.