МТРА жаңалықтары

Жыл басталғалы 3 адам су құрбаны болды

Мұндай талаптарды ескермегендер көп жағдайда су құрбаны атануда. Жыл басынан өңірдегі өзен-көлдерде 2 балықшы батып кетсе, соңғы қайғылы оқиға өткен мереке күндері орын алған. М. Жұмабаев ауданының 8 жасар тұрғыны ата-анасының қарауынсыз су бетіне шығамын деп, өмірімен қош айтысқан.

Виктор Держанский- СҚО ТЖД суда құтқару қызметі басшысының міндетін атқарушы

 

– Балалармен ойнап жүрген кішкентай қыз жасанды қайықтан құлап кеткен. Су түбіне кеткен бүлдіршінді құтқару мүмкін болмапты. Сондықтан ата-аналары балаларын қараусыз қалдырмау қажет. Су қателікті кешірмейді. Осыны естен шығармау керек.

Мамандар көктемгі су тасқынынан кейін резеңке қайықтармен су бетіне шығу да қауіпті екендігін ескертеді. Өйткені тасыған су түрлі қоқыс пен сынған ағаш бұтақтарын әкеледі. Осы орайда, құтқарушылар қазір түрлі рейдтік шараларды қолға алып, жағажайларында ойнап жүрген балалар мен балықшыларға арнайы ескерту қағаздарын тапсыруда.

Магжан Ахмадина.