Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Аман Қабдөшев – СҚО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары


– Біз құрылыс материалдары мен азық-түлік тауарларын апара жатырмыз. Ол күріш, қарақұмық, ұн және картоп. Топан судан зардап шеккендерге жерлестеріміз бей-жай қарамай, қайғыларына ортақтасып жатыр. Мұның өзі оларға демеу.

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, ақмолалықтардың қайғысына Аққайың ауданының тұрғындары да ортақтасуда. Олар барлығы 20 тоннадай азық-түлік өнімін жинап берген. Ішінде 14 тонна картоп, 200 литр өсімдік майы, 100 келі күріш пен 6 куб метр құрылыс материалдарын тиепті.

Еркін Жакупов – Аққайың ауданы әкімінің орынбасары

– Тауардың жалпы құны 1 млн. 583 мың теңге. Ешбірі де бей-жай қарамады, қайғыларына ортақтасып, қолынан келгенше қолда барын берді. Әсіресе, “Тәжірибе станциясы” ЖШС-і, “Зенченко и К” КС мен өзге де селолық округ әкімдері өз үлесін қосты.

Бұған дейін, теріскейліктер гуманитарлық көмек ретінде қызыл судан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына да жәрдемдескен болатын.

 

Бакыт Садуакасов.