Құқық қорғау органдары

Өңірімізде “Абайла, жаяу жүргінші” іс-шарасы өтуде

Дмитрий Фионин – Петропавл қалалық ІІБ жол-көлік полициясының батальон штабының бастығы

– Ағымдағы жылдың төрт айында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 18 оқиға орын алды. Оның ішінде 20 адам жарақаттанып, біреуі қаза тапқан. Өткен жылы бұл көрсеткіш 27-ні құрап, 28 жаралы адам тіркелген еді. Жаяу адамдардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алу мақсатында біз үнемі рейдтік шаралар өткіземіз. Жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін жаяу жүргіншілерді әкімшілік жауапқа тартамыз.

Жыл басынан тәртіп сақшылары жолда жүру ережесін бұзудың 11 мың фактісін анықтаған. Оның 2300-і жаяу жүргіншілердің тікелей қатысымен орын алған. Айыпты тұлғалар 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлеген.

– Ранее привлекались к административной ответственности?

– Нет.

– Хорошо.

– Сейчас инспектором дорожно-патрульной полиции в отношении вас будет составлен административный протокол.

– Можно ограничиться предупреждением?

– Предупреждения в данном случае не предусмотрено.

– Вы тут в гостях.

– Я вас прекрасно понимаю.

“Абайла, жаяу жүргінші” іс-шарасы мамырдың 30-на дейін жалғаспақ. Полицейлер балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алу шараларын өткізуді де жоспарлап отыр. Себебі, ағымдағы жылдың 4 айының өзінде ғана 11 жеткіншек жол-көлік апатанынан зардап шеккен. Нәтижесінде 1 бала қаза тауып, 11-і түрлі дене жарақатын алды.