Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіс науқанына әзірлік

Ғаббас Жантаев – “Сервис-жарс” ЖШС директорының орынбасары, Қызылжар ауданы

– Биылғы егіс науқанына 30-шы сәуірден бастап дайындалдық. Егін егуге 100 пайыз дайынбыз деуге болады. Ылғал жабу жұмыстарына 10 бірлік техника жұмылдырылды. Енді алдымыздағы жоспар бойынша алдағы күндері себуге шығамыз.

Серіктестіктегілер бірер күннен соң, егістікке дән сіңіру жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр. Қарамағындағы 8000 мың га алқаптың 3300-не бидай, 2000-на рапс, 500 гектарына арпа және 200-не сұлы себеді. Шаруашылықтағылар жер жырту жұмыстарын сәуірдің 30-ы бастап, жақында ғана аяқтаған. Ауа райы кедергі жасамаса, көп ұзамай тұқым себуге де кірісетін болады.

Ғаббас Жантаев – “Сервис-ЖАРС” ЖШС директорының орынбасары, Қызылжар ауданы

– Техникамыз бәрі дайын. Қыс бойы, көктем бойы жөндеп шығардық. Жанар-жағармай қоры жеткілікті, еш қиындық жоқ.

Шаруашылық басшылығы биылғы егіске орай, Ресейден жоғары сұрыпты тұқым қорын сатып алған. Қазір мұнда зиянкестерден қорғау мақсатында зығырды дәрілеу жұмыстары жүруде. Барлығы үстіміздегі жылы қызыржарлық диқандар 207 мың га алқапқа дән сіңірмек. Оның 134 мың гектары дәстүрлі дақылға, ал 38,9 мыңы майлы тұқымдастарға тиесілі. Ал қалған бөлігіне көкеністер мен картоп отырғылымақшы.

 

 

Бакыт Садуакасов.