МТРА жаңалықтары

Арлагерлер салтанатты парадтан оралды

Ілияс Байжанов- «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының төрағасы.

– Ардагерлерді қарсы алып жатқаныма өте қуаныштымын. Олар біз үшін нағыз ерлік пен батырлықтың үлгісі. Солардың арқасында біздер бүгін бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Мен оларды мақтан тұтамын.

Өңірімізден Астанаға 14 Ұлы Отан соғысының ардагері аттанған болатын. Олар 7 мамыр күні еліміздің бас қаласында Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған әскери шеруді тамашалады. Олар ауқымды шарадан алған әсерлерін жасыра алмақ емес. Бір-бірімен жарыса парадтың қалай өткендігі жайында айтуда. Қарт майдангер Петр Гладковты жас елордамыздың даму қарқыны да қуантқан.

Петр Гладков- ҰОС ардагері

– Бізді жақсы қарсы алды. Парад өте жоғары деңгейде өтті. Көптеген әскерилердің қатарында біздің институттың курсанттары да болғаны кеудеме ерекше мақтаныш сезімін ұялатты. Әскеріміздің әлеуеті мықты екеніне көз жеткіздік. Біздің кезімізде мұндай болған емес, сондықтан ұрпағымыз үшін, еліміз үшін қуандық.

Арлагерлер егде тартқан жасына қарамастан, Астанада өткен көптеген шараларға қатысуға ниет білдірген.

Ринат Елжасов- СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

– Ардагерлер парадтан бөлек, Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттерге және керемет отшашуға қатысты. Ескерткішке гүл шоғын қою рәсіміне де ат салысты. Астананың көрікті жерлерін аралады.

Айта кеткен жөн, биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын өңіріміздің 259 ардагері қарсы алды.

 

Магжан Ахмадина.