МТРА жаңалықтары

Тәуелсіздік стеласында концерттік бағдарлама өтті

Бүгінгі іс-шараны балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұжымы ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жастарды тариахты құрметтеп, бейбітшілікті қастерлеуге тәриебелу -дейді Гүл Оспанова.

Гүл Оспанова – Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының бас режиссері

– Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шара өткізудеміз. Негізі концертіміздің мақсаты – ата-бабаларымызжың еске алып, есте сақтау.

Үш сағатқа созылған бағдарламаға “Айналайын”, “Капельки” топтары, “Дружные ребята” би ұжымы және “Томирис” сән театры қатысты. Барлығы 180-ге жуық өнерпаз ән шырқап, би биледі.

Концерттік бағдарлама “Жеңіс рекорды ” атты акциямен жалғасты. Жігіттер топқа бөлініп, 1418 рет жерден тартылса, қыздар жағы да аталмыш акциядан қалыс қалмады. Олар екі тіземен отырып-тұру жаттығуын дәл сол есеппен орындады. Осылайша “Жеңіс рекордына” қатысушылар 1418 күнге созылған соғыс куәгерлеріне өз алғыстарын білдірді.

Айгерім Ержанова.