Мәдениет

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған қойылым көрерменге жол тартты

Біржан Жалғаспаев – С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының директоры

– Соғыс барлық адамзатқа қасірет әкелді. Соның ішінде нәзік жанды әйелдер бар. Олардың жаны жараланып, аналар жесір қалды. Спекталіміз соларға арналады.

Қысқа уақыттың ішінде әзірленген қойылымда майдан даласында ел үшін аянбай күрескен солдаттардың қызығы мен қасіреті қатар сипатталады. Бұл спектакльде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың рөлін Құртқа Аязова сомдауда.

Ол 18 жасында ерлікпен қаза тапқан мерген қыздың қайсарлығын көрерменге жеткізу үшін жан-жақты іздендім дейді.

Құртқа Аязова – С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының актрисасы

– Әлия Молдағұлованы сомдау үшін мен көп іздендім. “У войны не женское лицо” деген кітапты оқыдым.

Етікпен қан кешкен нәзік жандылар тығырыққа тіреліп, өз майдандастарын қоршаған жау отрядтары тауып алмас үшін жан түршігерлік әрекеттерге дейін барып, өз ұрпағын қиған.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен нәзік жандылардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі өте зор. Себебі олар өздерінің әдемі көйлектері мен туфлиларын әскери киім және керзі етіктерге алмастырды. Қойылымды көзіне жас алып тамашалаған жұрт зұлматты заманда майдангерлердің көрген қасіретін театр акетрлері асқан шеберлікпен сомдады, өзіміз мол әсер алдық дейді.

Нүрикамал Қонқашева

– Спекталь тамаша болды. Актерлар өз рөлдерін жақсы сомдап шықты.

Дәулет Хамитов

– Мол әсер алдым. Барлығы жоғары деңгейде өтті.

Гүлім Бекқұлова

– Маған өз майдандастарын құтқару үшін туған баласын өлімге қиғаны жаныма батты. Көзіме жас алдым.

Гүл құшуға ғана жаралғандай сүйрік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне барған әйел затын адамзат мәңгі құрметтеуі қажет.

 

Риат Шони.