МТРА жаңалықтары

Соғыста қаза тапқан жерлес жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Жасұлан Құдабаев – тыл еңбеккері

– Қоштасуға да шама бергізген жоқ. Боркиге әкетіп, сонда 6-7 ай болғаннан соң, Ленинградқа соғысқа жіберді. Былайша айтқанда, жауынгерлерден ешкім де оралған жоқ. Осы ескерткішке келгенде көзіме жас келеді.

Ең алдымен, шараға қатысушылар қаза тапқан батыр ұлдарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті. Алғашқы гүл себеті облыс әкімінің атынан болды. Таңсәріден Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің рухына құрмет ретінде гүл шоқтарын қою рәсіміне ағылған петропавлдықтардың қарасы қалың. Әсіресе, мектеп оқушылары көп жиналыпты. Бүгінгі күннің жасы – отан үшін күресте ерлікпен көз жұмған сарбаздарды еске алу – басты парызымыз деп біледі.

– Ертең 9-шы мамыр Жеңіс күні. Бүгін біз оларға 314-ші атқыштар дивизиясына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз ардагерлерімізді ешқашан ұмытпаймыз.

– Жауынгерлерге гүл шоқтарын қоюға келіп отырмыз. Ата-бабаларымыз бізді қорғау үшін соғысқан, оларға алғыс білдіреміз.

Бақыт Сәдуақасов.