Өнеркәсіп

Петропавлда жаңа жиһаз дүкені ашылды

Олжас Шәймерденов, «Олжа» сауда орталығының директоры

–  Бұл сауда орталығын тұрғызғанда қолданылған материалдардың бәрі өзімізде, Қазақстанда жасалған. Отандық сендвич панельдерін пайдаландық. Ішінде тұрған жихаздар да жергілікті өнім. Осы сауда орталығын 9 ай көлемінде салдық.

Сауда үйі теріскейлік тұтынушыларға мамырдың жарқын мерекелеріне орай есігін айқара ашып отыр. Бұл салтанатқа Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қайролла Ғалиев пен СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Айдын Керімбек ортақтасты.

Таспа кесіліп, дүкеннің бірінші тұтынушылары да табалдырықтан аттады. Алғашқы клиент Динаш Аубакирова көп ұзамай өзіне жұмсақ жиһаз таңдап үлгерді.

Динаш Аубакирова,

– Ішіндегі жиһаздары да жақсы екен, бағалары да оңды. Өзімізге де бір диванды аламыз деп қарап қойдық.

Мұнда – ас үй, қонақ үй, жатын бөлмеге арналған жиһаздардың түр-түрі бар. Мысалы бұл залда диванның 10 түрі орналасқан. Мынадай кішкентайларының бағасы 40 мың теңгеден басталады. 18 ай кепілдік мерзімі де қарастарылған. Мұндағы жиһаздарды жергілікті кәсіпкерліктер өздері жасайды. Светлана Морозова бұл бағытта жұмыс жасауды 10 жыл бұрын, тіпті станоксыз бастаған. Бүгінде болса, барлық құрылғылары бар бәсекеге төтеп беретін кәсіптің иесі атанып отыр.

Светлана Морозова, «Морозова С.В» ЖК директоры

– Бұл жерде өзіміз өндірген жұмсақ және корпусты жиһаздарды сататын боламыз. Бағаны төменірек ұстауға тырысамыз, себебі жергілікті тұрғындарда отандық өнімді сатып алу мүмкіндігі болуы тиіс. Сапасы да Ресейлік баламасынан еш кем емес. Тұтынушының ойындағыдай етіп түсін, материалдарын, ені мен ұзындығын сызып бірінші көрсетеміз. Одан соң жасап береміз.

«Олжа» сауда үйі әзірге 10 адамды жұмыспен қамтымақ. Орталықтың екінші қабатында «Петрушенко» жеке кәсіпкекрлігі орналасқан. Мұнда негізінен ресейлік өнімдер ұсынылған. Айту керек, солтүстікқазақстандық жұмсақ жиһаздың ең арзаны 42 мың теңге шамасында.

Акбопе Танирберген.