Спорт

Петропавлда мейбукан годзю-рю каратэ додан республикалық турнир басталды

Нұрлан Керімбаев – ҚР «Мейбукан Годзю-рю Каратэдо Ассоциациясының» Президенті

– Годзю-рю Каратэдоның мейбукан бағыты Қазақстанда қазір 9 облысында бар. Басқалардан күрес ережесін қолдануға болады. Ұстасып лақтыруға, қол қайыруға, аяққайыруға, қылқындыруға болады. Бізде жастар осы бағытқа өте қатты қызығады.

Бұл чемпионат Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылып отыр. Бүгін мейбукан Годзю-рю Каратэ-доға бұрыннан ден қойған аға буын өкілдері жас спортшыларға тамашевари техникасын көрсетті.

Салтанатты шара аяқталғаннан кейін, бірден тартысты кездесулер басталып кетті. Мына екі спортшы да Алматы қаласынан келген. Бұл сайыста қылқындыру әдісін пайдаланған Мирас Қалжан жеңіп шықты.

Мирас Қалжан – қатысушы, Алматы қаласы

– Менің осы спорт түрімен айналысып жүргеніме 9 жыл болды. Көп дайындықпен келдім. Екі ай дайындалдым жарысқа. Басты мақсатым жеңу болды. Қарсыласым өте мықты екен. Жеңу қиындау болды.

Айта кету керек, аталмыш турнир Солтүстік жерінде алғаш рет өтуде.

Айгерім Ержанова.