Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі соғыс ардагері Павел Барильченконы құттықтады

Павел Барильченко – Ұлы Отан соғысының ардагері /ауд/

– Артиллериялық курстардан өткен соң, мені Курск доғасына жіберді. Мен онда “Ерлігі үшін” медалін алдым. Содан кейін Днепрде, Припятьта шайқасып, Берлинге дейін жеттік. 44-ші жылдың басында мен батареяның командирі болған едім.

Ал, аңсаған Жеңісті ардагер 23-ші жеке әуе полкі эскадрильясының штаб бастығы қызметінде Германияда қарсы алыпты. Елге оралған соң Павел Барильченко мұғалім болып жұмыс істейді, отбасын құрады. Зайыбы Нина Андреевнамен отасқандарына – 68 жыл.
Жасы 98-дегі қария тың, бойындағы күш-қайраты әлі тарқамаған.
Міне, сонымен құрметті меймандар да келіп қалды.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов ардагерге мемлекеттік марапат – “Құрмет” орденін табыс етіп, қарт майдангерге бейбіт күнді сыйлағаны үшін алғысын білдірді.

Ерік Сұлтанов қарияның хал-жағдайын біліп, бос уақытын қалай өткізетінін сұрастырды.

Қонақжай Павел Яковлевич облыс әкімін дастарқанға шақырды. Өңір жетекшісі мен қария шәй ішіп отырып, соғыс туралы, саясат пен облыстың экономикалық дамуы жайында әңгімелесті.

Данаш Хамзина.