Спорт

«Қызылжар барысы» турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

Бауыржан Құлжанов-

– Осы жарыста бүгін 32 палуанның ішінен екі үлкен палуан біріншіжәне екінші орын алған палуандар Астана қаласында 7-ші шілде Қазақстан барысына қатысады. Бірінші орынға 300 мың теңге, екінші орынға 200 мың, үшінші орынға 100 мың теңгеберіледі.

Әзірге спортшылар финалға шығу үшін белдесуде. Бұл өткен жылы Қызылжар барысы атанған Рүстем Жұмаев пен Шал ақындық Қайырбек Батырханның белдесуі. Берілген 5 минут ішінде екі спортшыға да ескерту жасалды. Өткен жылғы чемпионмен күрескен Батырхан үшін бұл белдесу қиындық туғызды. Қала намысын қорғаған палуанның салмағы 124 келі болса, Шал ақын спортшысы небәрі 75 келі. Екі палуанның салмағында 49 келі айырмашылық бар. Ақтық финалға жамбас әдісін жүзеге асырып, таза жеңіспен Рустем Жұмаев алға шықты.

Ал жүлделі 3-ші орын үшін петропавлдық Дәурен Еслямов мен Шал ақындық Қайырбек Батырхан белдесті. Екі спортшының да дайындығы жаман емес. Дегенмен екі кездесуге қатарынан шыққан Шал ақындық Батырханның шаршағандығы көрінеді. Ойын басында сылбыр күрескен екі спортшыға да төрешілер ескерту жасайды. Дәурен мен Батырханның есебі теңеседі. Бірақ бұл ойында өз шеберлігін іске асырған петропавлдық спортшы жеңіске жетіп үшінші орынға тұрақтады.

Келесі белдесу тіптен қыза түсті. Себебі кілемге Қызылжар барысы атағына тартысатын екі мықты палуан шықты. Ол Рүстем Жұмаев пен Төлеген Жетпісбаев. Жиылған жұрт та жеңімпаздың есімін тағатсыздана күтуде. 74 келі салмақты Төлеген Жетпісбаев та жеңісті қолдан оңайлықпен берер емес. Рүстемді жамбасқа салу да қиындау сияқты. Қарсыластарын алып та, шалып та жыққан палуандар қара терге малшынып жүріп, ақырсоңында араларындағы қас мықтыны анықтады. 5 минут уақыт белдесіп, сайыс қорытындысы бойынша петропавлдық спортшы жеңімпаз атанды. Спортта «Қаражал» деген атпен белгілі Рүстем Жұмаев “Қызылжар барысы” атанып, алтын белбеу мен 300 мың теңгеге ие болды. Екінші орынға 200 мың теңгемен Жамбыл ауданының атынан белдескен Төлеген Жетпісбаев тұрақтады. Жүлделі 3-ші орынды Дәурен Еслямов иеленіп, 100 мың теңгемен марапатталды.

Рүстем Жұмаев – «Қызылжар барысы – 2015» жарысының чемпионы

– Жарыс жақсы өтті. Спортшылар жақсы дайындалды. Бәрі қарсыласкөрсетті. Менің салмағым да ауыр, күшім де көбірек. Сол себепті ұтып алдым. финалда күрескен Жетпісбаев Төлеген сол жақсы күресті және Шал ақындық жас бала Батырхан қорықпай, қашпай күресті.

Ал биылғы чемпионнан сәл артта қалған Төлеген Жетпісбаев, менің жеңіп шығуыма салмағым жетпей қалды дейді.

Төлеген Жетпісбаев – «Қызылжар барысы – 2015» жарысының 2-ші орын иегері

– Осымен -ші рет қатысып отырмын. Бірінші барыс өткенде де екінші орын алғанмын. Ол кезде салмағым жетпегендіктен бармадым. Қазақстан. барасына қатысу үшін 80 кг болу керек. Қай кездесу болмасын оңайлықпен келмейді. Дайындалғандықтан ұттық, жеңіске жеттік.

Төрт сағатқа созылған белдесу барысында көрермендер палуандардың өнеріне тәнті болды.

Саруар Бектасов – жанкүйер

– Бүгінгі жарыс өте қызықты өтті. Дайындық жақсы. Мен Жамбыл ауданынан болғандықтан, Жамбыл ауданының жігіттеріне жанкүйер болдым.

Жарыста жүзден жүйрік шыққан екі спортшы Астанада өтетін «Қазақстан барысына» жолдама алды.

Айгкрім Ержанова.