МТРА жаңалықтары

Энергетиктер соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Кейін салтанатты түрде мемориал тақта ашылып, маңына көшеттер отырғызылды. Бұл да ардагерлерге көрсетілген бір құрметтің белгісі болмақ.

Марат Сағындықов- энергетика саласының ардагері

– 70 жыл болды сол сұрапыл соғыстың жеңісін бағалап отырмыз. Ол кісілерге деген құрмет арта бермек. Жыл сайын олардың саны азайып келе жатса, да қалғандарының ғұмыры ұзақ болуы керек.

Кейін компания басшылығы ҰОС ардагерлерінің үйіне барып құттықтады. Бұл күні энергетиктер қарт майдангер Татьяна Ананьинаны да қуанышқа бөледі.

Мағауия Сағандықов -« Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры

– Сізді осынау ұлы мереке Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Жалпы бейбіт күнді жақындатуға үлес қосқан барша қарт майдангерлерімізге басымызды иіп тағзым етеміз.

94 жастағы кейуана 19 жасында елін қорғауға аттаныпты. Соғыс жылдары талай ауыртпалықты бастан өткерген қарт майдангер, ең қиыны майдандас достарыңды жер қойынына тапсыру дейді.

Татьяна Ананьина- ҰОС ардагері

 

– Соғыста ең қиыны аштық, даланың суықтығы, жараланғаның емес, қасыңдағы жолдастарыңның қаза тапқанын көру болды. Әр шайқасқа аттанар алдында барлығының түріне жақсылап қарап алатынмын. Кейін ұмытып қалмас үшін. Өйткені кімнің келіп, кімнің қаза болатындығы белгісіз.

Жалпы бұл күні энергетиктер соғысқа қатысып, кейін осы салада еңбек еткен тағы 2 қарт майдангерді құттықтады. Олардың екеуіне теледидар мен шағын сыйлықтар тарту етілді.

Магжан Ахмадина