Билік

Отан қорғаушылар мерекесіне арналған шара

Сайдың тасындай іріктелген жауынгерлер Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатқа сақадай сай. Орталық алаңда қаз-қатар тізілген әскерилер мен мерекеге жиналған солтүстікқазақстандықтар шараның басталуын асыға күтуде. Ең алдымен ортаға аспан түстес желбіреген көк туымыз кіргізіліп, әнұранымыз шырқалды.

Бұдан кейін жиылғандардың назары сахнада орнатылған Лед экранға ауды. Солтүстікқазақстандықтар елордасы Астанада өтіп жатқан Республикалық қарулы күштердің әскери шеруіне арналған тікелей байланысты тамашалауда. Онда барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен еліміздің Бас қолбасшысы, Президентіміз- Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев- ҚР Президенті, ҚР Қарулы күштерінің жоғары бас қолбасшысы

–  Армызыдра әскерлер! ҚР Отан қорғаушылар күнімен сіздерді құттықтаймын. Қымбатты отандастар, сарбаздар мен сардарлар. Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы баршаларыңызға құтты болсын. Осыдан 23 жыл бұрын, дәл осы күні менің жарлығыммен Қазақстанның қарулы күштері құрылды. Бүгінде ол кәсіби сарбаздар мен замануаи жарақтанған айбынды армия болды. Біздің әскеріміз Ұлан ғайыр даламыздың әрбір қадам жерін қапысыз қорғауға қабілетті. Біз бабалардың ерлік жолын қастерлеп, елдік жолын жақтаған ұрпақпыз. Қанымызға сіңген қастерлі борышты, антына адал, ерлеріміз қазір де абыроймен атқаруда. Ер азамат үшін туған жердің тұтастығын, туған елдің тыныштығын күзетуден асқан абырой болмаса керек. Сіздердің қызметтеріңіз ел тәуелсіздігінің және халқымыздың болашақта сенімінің кепілі. Қымбатты қазақстандықтар, екі күннен соң ҰОС жеңіске 70 жыл толады. Адамзат тарихында ең алапат соғыстағы бұл жеңіске біздің халқымыз үлкен үлес қосты. Майданға аттанған 1 млн 200 мың жерлес еріміздің тең жартысы ерлікпен қаза тапты. 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды. Соғыс жылдарында халқымыз тыл жұмысында жұмылып, өз еңбегін жеңіске сіңірді. Қас дұшпанға қарсы атылған әрбір оқ, қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі. Әскерлеріміздің ерлігімен, аналарымыздың еңбегі ұрпақ жандында мәңгі сақталады. Біздің жеңістеріміздің тарихы патриотизм, ел бірлігінің нағыз үлгісі. Біз Ұлы жеңісті мәңгі ұлықтап өтетін боламыз.

Қазіргі таңда Қазақстан әскері қуатты күшке айналды. Оны осы шеруден-ақ көруге болады. Ауқымды салтанатты шараға 5 000-нан аса әскери қызметші, 220 дана заманауи қару-жарақ пен әскери техника тартылып отыр. Биылғы шеруде авиаторлар әуеде 70 санын түзеп ұшты. Бұл – Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына ойластырылған. Экраннан Астанада өткен парадты тамашалаған жұртшылықты кейін өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов та құттықтап өтті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Құрметті Отан Қорғаушылар. Сіздерді мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Бұл – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын елмен байланыстырған әрбір әскери қызметші үшін ерекше мереке. Отанға адал қызмет ету – әрбір әскери қызметшінің қасиетті борышы, абыройлы ісі.

Бұдан кейін өңір басшысы Ерік Сұлтанов сұрапыл соғыс жылдары қан майданда жауға қарсы шыққан ардагерлеріміз бен тылда жүріп бейбіт күнді жақындатуға үлес қосқан аға буын өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті. Бұл күні «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және ҚР құрмет грамоталарымен бір топ теріскейлік марапатталды.

Кейін облыс әкімі абыройлы қызмет етіп, еңбегімен ерекшеленген бүгінгі әскерилерді де құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапаттады. Солардың қатарында Нұрлан Әубәкіров та бар.

Нұрлан Әубәкіров – Қызылжар ауданы қорғаныс істері бөлімінің бастығы

– Осындай күнде марапатталып жатқаныма қуаныштымын. Әлі де болса, еліме адал қызмет етемін.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін жиналғандар назарына мерекелік концерт ұсынылды.

Ал сахна жанында жастар «Отанға қызмет етуге даярмыз» атты акция ұйымдастырды. Мұнда 3 команданың мүшелері әскери өмірге даярлықтарын көрсетуде.

Азамат Сабыржанов- «Ер Отан» әскери- патриоттық клубының мүшесі, студент

– Әскери адам болғым келеді. Өйткені ол тәртіпке, адамгершілікке үйретеді.

Жалпы бұл күні айтылған жүрек жарды тілектердің барлығы темірдей тәртіпке көндігіп, елі мен жерінің тыныштығын күзетіп жүрген отан қорғаушыларымыздың құрметіне арналды. Ата-бабаларымыз білектің күші, найзаның ұшымен қорғаған қазақ жерінде бүгінде бейбіт күн орнаған. Оған Отан қорғаушыларымыздың қосқан үлесі зор.

Бақыт Бекахметова- зейнеткер

– Отан қорғаушыларды құттықтаймын.

Жанель Кенжетаева- оқушы

– Құттықтаймын.

 

Мағжан Ахмадина.