МТРА жаңалықтары

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында сот қызметкерлері ардагерлерін құттықтады

Мұратғали Әкетай – Облыстық соттың төрағасы

– Сот жүйесі Елбасымыздың ерекше қамқорлығында. Судьяларға барлық жағдай жасалған. Сіздерді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмидің атынан және СҚО судьяларының атынан Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, құт, берек тілеймін.

Жарқын мерекеге орай, сот саласының бірқатар қызметкері мемлекеттік және жоғарғы ведомствалық наградаларға ұсынылыпты. Олардың қатарында аталмыш
жүйеге өмірінің 30 жылын арнаған Любовь Тригуб та бар. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.

Любовь Тригуб- облыстық соттың судьясы

– Нақ осындай күні марапатқа ие болып жатқаныма қуаныштымын. Менің еңбегімді бағалағандары әрине қуантады. Біздің ардагерлеріміз фашистермен күресіп, елімізге егемендік алып келді. Соның арқасында біз тәуелсіз елде тұрып жатырмыз. Енді біз болсақ, бейбіт аспан астында әділетсіздікке, қылмысқа жол бергендерге тиісті жаза белгілеудеміз. Бұндай соғыс қайтып орын алмасын.

Жеңісті жақындатуға үлес қосқан ардагерлер жайында бүгін сот саласының қызметкерлері ерекше тебіреніспен айтуда. Өйткені, 70 жыл бұрын орын алған қаралы күндер алыстаған сайын, оның мағынасы артуда.

Баян Омарова- Сот жүйесінің ардагері

– Халқымыздың бірлігімен, Отанға, еліне деген шексіз махаббатымен, қайсар рухымен бізге жеткен жеңіс бұл. Соны бағалай білуіміз керек. 70 жыл бейбіт өмірде сүріп жатырмыз. Алаңсыз қызмет етіп жатырмыз.Сондықтан Ұлы Жеңістің мән-мағынасын қазіргі ұрпаққа, келер ұрпаққа жеткізіп, жүректеріне патриоттық сеізмді ұялатып, соның барлығын түсіндіру керекпіз.

Бұдан соң, жиналғандардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мұнда соғыс тақырыбына арналған суреттер көрмесі де ұйымдастырылыпты. Онда сот жүйесінде еңбек ететін жандардың балалары өз жұмыстарын орналастырған. Кейін жеңімпаздары арнайы марапатқа ие болмақ.

Магжан Ахмадина.