Құқық қорғау органдары

Салт атты полиция қызметкерлері саяжайларды бақылауда

Вера Гапотченко

– Айналаны бағдарлап жүрген салт атты полиция қызметкерлерін жиі көреміз. Солардың арқасында бірде-бір дүнием ұрланған жоқ.

Саяжайларда полицейлерге тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар жиі кезігеді екен. Олар ыңғайы келгенде бір затты ұрлап, жаз уақытында үйшіктерді пана қылатын көрінеді. Сондай-ақ, арасында жауапкершіліктен қашып, іздеуде жүрген азаматтар да бар.

Салты атты тәртіп сақшылары саяжайларды байқап қана қоймай, өрттің алдын алу мақсатында тұрғындар демалатын ормандарды да аралайды. Сондай-ақ, жуық арада олар қала маңындағы жағажайларға да бақылау жүргізетін болады.

Егенберді Балтабаев – Петропавл қаласы ІІБ салт аттылар бөлімшесінің қызметкері

– Саяжайшылар өз жұмыстарын бастап кетті. Осыған байланысты біз де қызметімізге кірістік. Қазіргі уақытта біз 3 учаскені қамтимыз. Олар: Жұмысшы кенті, Новопавловка және Борки кенті.

Саяжай маусымы ашылғалы бері кавалериялық взвод қызметкерелерінің көмегімен 2 ұрлықтың беті ашылған. Әкімшілік жауапкершілікке 30 адам тартылды.

Данаш Хамзина.