МТРА жаңалықтары

“Ұрпақтар алғысы” акциясы

Дмитрий Сергеев – Ұлы Отан соғысының ардагері

– Осындай акцияның бастау алғанын әуелі газеттен оқыдым. Алғашында сеніңкіреген жоқпын. Дегенмен, телефон арқылы хабарласып едім, рас екен. Бұл – біз үшін әжептәуір көмек. Демеу танытып жатқандарына ырзамын.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуына қарағанда, кейін құбырларды арнайы келіп мамандар тағы береді. Жалпы, бұл бастамаға солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер үлестерін белсенді қосуда. Әрбірі айналысатын кәсібіне қарай көмектерін көрсетіп жатыр.

Жеңіс Қазиев – СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

 

– Бізден қариялар терезелері мен едендерін ауыстырып беруді сұрады. Негізі, теріскейлік іскер азаматтар ардагерлерге көмектерін аяп жатқан жоқ. Әзірге, 20-дан астам бизнес субъектісі қолдау танытуға ниеттерін білдірді. Мәселен, “Левин” кәсіпорны 12 майдангерге жиғаз тарту етті.

Бүгінгі мерекелік отырысқа да бизнес өкілдері құр қол келген жоқ. “Рахат-лукум” дүкенінің қызметкерлері ардагерлерге тәтті-тағам мен азық-түлік қоржындарын берсе, “Р-Фарм” жеке кәсіпкерлігі сыйлық сертификаты мен тұрмыстық техника тарту етті. Сондай-ақ, олар бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған аға толқынға алғыстарын білдірді. Бұл бір реттік акция емес. Қайырымдылық шарасы алдағы уақытта ұйымдастырыла бермек.

Данаш Хамзина