Мәдениет

“Ұлы жеңіске жету” – бүгінгі ұрпақтың көзімен

Анатолий Тюрин, Петропавл өнер колледжінің “Живопись” бөлімінің меңгерушісі”

 

– Көрменің 20 жылдық тарихы бар деп айтуға болады. Себебі, аталмыш шараны осыған дейін Ұлы Жеңістің 50 және 60 жылдық мерейтойларына орай өткізген болатынбыз. Бүгінгісі 70 жылдыққа тарту. Бұл жолы әр он жылдық аралығында өткізген үш көрмені біріктіріп отырмыз. Яғни мұнда 1995, 2005, 2015 жылдарда салынған суреттерді орналастырдық.

Бұл сурет – “Айтусыз қалған ән” деп аталады. Оны авторы 1994 жылы Петропавл өнер колледжінде 2 курста оқып жүргенде орындап, 1995 жылы “Жеңістің 50 жылдық мерейтойына” арналып ұйымдастырылған көрмеге қойған. Сонымен қатар, аталмыш оқу орнының бүгінгі буыны “Жеңістің 70 жылдық мерекесіне” арнап салған суреттері де жұршылық назарын аулады.

– 45-ші жылдың көктемі” аталатын бұл суретке алыстан көз тастасаңыз құдды бір аппаратқа түсірілген сурет тәрізді. Бірақ, бұл – бүгінгі тәуелсіз ұрпақтың картон бетіне майлы бояумен Ұлы Жеңісті тойлаған майдангерлер қуанышын бейнелеуі.

Ал мына “Әкем ешқашан өлмейді” суреті осыдан 1 жұма бұрын дайын болған. Кенеп бетіне майлы бояумен түсірілген туындының авторы 20 жастағы Екатерина Маслова – Петропавл өнер колледжінің 3 курсында оқиды.

Екатерина Маслова, Петропавл өнер колледжінің 3 курс студенті

 

– Әскери тақырыптағы суреттерді салу маған бала кезімнен ұнайды. Бұл көрме жайлы естігенімде “Әкем ешқашан өлмейді” тақырыбы ойыма бірден келді. Картинада пошташыдан күйеуі қаза тапқаны жайлы қаралы қағаз алып тұрған ана бейнеленген. Балаларының бірі ер жетіп қайғырып тұрса, кішкентайы түсінбей ойнап жүр.

Петропавлдық тұрғындар “Ер есімі, ел есінде” аталатын көрмені мамырдың соңына дейін тамашалай алады.

Акбопе Танирберген.