Спорт

Петропавлда “Қызылжар Барысы” турнирі өтпек

Бұл ретте әр аудан мен облыста іріктеу өткізіліп, республикалық деңгейде өнер көрсететін спортшылар анықталады. 7-ші мамыр күні сағат 16:00-де орталық алаңда “Қызылжар Барысы” турнирінің облыстық кезеңі ұйымдастырылмақ. Осыған орай, БАҚ өкілдері мен жарысқа қатысатын спортшылар үшін баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Аталмыш сайыста өңір аудандары мен Петропавл қаласынан мықты атанған 32 балуан белдесетін болады. Жарыста жеңімпаз атанған және күміс жүлдеге іліккен қос спортшы 5 шілде күні Астана қаласында өтетін “Қазақстан Барысы” турнирінде өңір намысын қорғайтын болады. Айта кету қажет, облысымызда “Қызылжар Барысы” осымен 5-ші рет ұйымдастырылайын деп жатыр. Соңғы екі жыл қатарынан аталмыш додада Рүстем Жұмаевқа тең келер балуан өңірде табылмай жүр. Бұл жолы кімнің бағы жанатынын мамырдың 7-інде өтетін белдесулер көрсетпек.

Рүстем Жұмаев – “Қызылжар Барысы” туринирінің екі дүркін чемпионы

– Дайындығым жақсы. Жуырда Шымкентте оқу-жаттығу жиындарында болдым. Белдесетін қарсыластарымда мықты. Барлығын ертеңгі жарыс көрсетеді.

 

Риат Шони.