Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ардагерлер Астанада өтетін парадқа аттанды

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі

– Құрметті ардагерлер! Ұлы Жеңістің 70 жылдығына санаулы күндер ғана қалды. Бүгінде елімізде осы мерейтойға орай түрлі мерекелік іс- шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың біразы Елордамыз- Астанада жоспарланған. Біз бүгін бір топ ардагерлерімізді Астанада Елбасының қатысуымен өтетін мерекелік парадқа шығарып салғалы отырмыз. Сіздерге мерекелік көңіл- күй тілейміз. Барша халықтың назарында болатын мерекелік шаралардан қуат алып қайтыңыздар.

Кейін өңір жетекшісі соғыс ардагері Дмитрий Ларионовқа Құрмет грамотасын табыстады. Сондай-ақ, залда отырған қариялардың барлығына Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап шығарылған «Өшпес ерлік» атты кітап сыйлыққа тарту етті.

Жиын аяқталған соң ардагерлердің барлығы облыстық әкімдік жанында тұрған арнайы көліктерге бет алды. Өйткені, оларды әуежайда ұшақ күтіп тұр. Ұшу алаңында қарт майдангерлерді жастар қошеметпен қарсы алды.

Динара Мақсұтова- студент

– Ардагерлердің көңіл күйлері көтеріңкі. Ардагерлер бізге үлгі өнеге.

Жүздері бал-бұл жайнап, жас балаша мәз болған ардагерлер ұшаққа бет алды. Астанаға баратын барлық 14 майдангер парадтан үлкен әсер алатындықтарына сенімді.

Аусағит Мұқашев- ҰОС ардагері

– Көңіл күй тамаша. Менімен күресетін кісі жоқ осылардың ішінде. Ал ең жасы үлкені менмін. Халықтың көремін. Концерттер болады.

-Қабин Мырзағұлов- ҰОС ардагері

– Москваға барасың ба деді. Жоқ онда бармаймын денсаулығым жоқ дедім.Енді өзіміздің елімізде болатын парадқа қатысамын. Көңіл күй тамаша.

Жеңіс сыйлаған ардагерлерді салтанатты парадқа шығарып салуға халық көп жиналған. Міне, ұшуға да барлығы даяр.

Мағжан Ахмадина-тілші

 

– Бірнеше минуттан кейін ардагерлер мінген ұшақ Астанаға ұшып кетеді. Елордамызда қарт майдангерлер 4 күн болмақ.

Ал ұшақта ардагерлерге медицина мамандары мен әлеуметтік қызметкерлер, барлығы 10-ға жуық адам қарайтын болады.

Магжан Ахмадина.