Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 48 тұлғаны анықтады

Алмас Темірбеков, СҚО ІІД көші-қон полиция басқармасының инспекторы.

-Борышкерлер мен алимент төлеуден қашып жүрген азаматтарды іздестіру шарасына көші-қон полиция өкілдерінен бөлек ІІД-нің өзге де қызметкерлері жұмылдырылды. Біз бірлесіп іздеуде жүрген тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайын анықтап, оларды қарыздарынан дер кезінде құтылуға кеңес береміз. Былтырғы құжаттарды қоса есептегенде СҚО ІІД-нің көші-қон полиция басқармасында жиыны 169 іс жатыр. Оның 40-ы алимент төлемей жүргендерге қатысты болса, 38-інің мемлекет алдында өтелмей жүрген қарызы бар.

Бүгінде қарызды өтеуден қашқақтайтын борышкерлер тұрғылықты мекенжайын жиі өзгертеді. Бұл тәртіп сақшыларына оларды іздестіруде қиындық туғызуда. Сол себепті, полиция қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, осы санатағы азаматтарды жиі қадағалауда. Мәселен, сырттай бақылау жүргізудің арқасында әкімшілік айыппұлын төлеуден жалтарып жүген М.Жұмабаев ауданының 34 жасар тұрғыны облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінен табылды.

-Штраф административный? – Да. – Вы его оплатили? – Ну, вот сейчас будет возможность, оплачу. – Вы работаете? – Вот, за бабушкой ухаживаю.

СҚО ІІД көші-қон полиция басқармасының қызметкерлері өткен жылы 144 борышкер мен алимент төлеуден жалтарған 34 тұлғаның нақты мекенжайын анықтаған. Айта кеткен жөн, осы сынды акция өңірімізде тоқсан сайын өткізіліп тұрады.

 

Берик Касен.