МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Таза мекен» экологиялық акциясы өткізілді

Жастар бүгін сол қоқыстың барлығын жинап, орманды тазартуда. Пестрое көлінің жағасы да біраз ластанған. Сондықтан, қолдарына қолғап киіп, қап ұстаған студенттер сынған ағаш бұтақтарын, бөтелке, пакеттерді жинастырып жүр. Табиғат – біздің ортақ үйіміз, сол себепті оның ластануына жол бермеу қажет дейді олар.

Гүлден Қанатчина – студент.

-Бүгін міне тоғайларды жинап жатырмыз.

Лейла Олжанова – студент.

-Тұрғындар табиғатта дем алып жинамай кетеді. Сондықтан, жинауға шықтық.

Сенбілікке 80-нен астам петропавлдық жас қатысуда. Ал қапқа жиналған қоқыс арнайы көлікке тиелуде. Жалпы бұл шара облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп өткізілуде.

Нұрсаят Саркен – Жастар бастамалары орталығының директоры.

-Әдейі осы Пестрое көлінің маңы таңдалды. Өйткені, бұл жерде көп адамдар демалады. Сондықтан, осында шықтық.

Бұдан кейін студенттерге арналып түрлі ойындар ұйымдастырылды.


 

Мағжан Ахмадина.