Көлік және жолдар

Облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

Сергей Ерохин – «КоммунСтройСервис» ЖШС шеберi.

-Қазір жұмысшылар Ярослав Гашек көшесіндегі айналма жолдан Мир көшесіне дейінгі аралықты қалпына келтіруде. Біздің бригадамызда 30 адам бар. Олар бұл учаскіде 700 шаршы метр жолды тазартып, бетін тегістеуде.

Жалпы облыс орталығының жолдарын қалыпқа келтiру жұмыстары 10-шы сәуiрде басталған. «КоммунСтройСервис» ЖШС жоспар бойынша 10 мың 750 шаршы метр аумақты қалпына келтiруi тиiс. Бүгінде жұмыстың тең жартысы тындырылған.

Анатолий Бугаев – “КоммунСтройСервис” ЖШС директорының орынбасары.

-9 күннің ішінде атқарылуы тиiс шаруаның негiзгi бөлiгi еңсерiлдi. Біз тендер бойынша ұтып алған жөндеу жұмыстарының 50 пайызын орындадық. Мәселен, Егемен Қазақстан, Караванный, Бруссиловский және тағы басқа көшелерде шұңқырларды тегiстеу жұмыстарын жасап бітірдік. Ал, Ярослав Гашек көшесінде басталған жұмысты мамырдың 25-не дейін аяқтаймыз.

 

Облыс орталығындағы жолдарды жөндеу жұмыстарына биыл қалалық бюджеттен 42 млн. теңгеден астам қаржы бағытталған.

Сагыныш Маркашева.