МТРА жаңалықтары

Мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовке мемориалдық тақта ашылды

Облыс орталығындағы темір жол техникумына түсіп, 4 сағат жұмыс істеп, 2 сағат оқып темір ұстасы кәсібін меңгереді. Ал, 1935 жылы Покровка селосындағы ауыл шаруашылығы техникумына түсіп, 3 жылдан кейін агроном мамандығын алып шығады. Бәйкен Әшімов осы білім ордасында Кеңес Одағының батыры Жәлел Қизатовпен бірге оқиды. Ол кезде осындай техникум еліміздің басқа өңірлерінде болмаған. Сондықтан, талапты жастардың көбі осында ағылыпты.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-1942-45 ж.ж. ҰОС қатысты. Майданан аман-есен оралған соң, Айыртау, зеренді аудандарында және Көкшетау облысы партия комитеттерінде басшылық қызметтер атқарады. Сондай-ақ, Қарағанды, Талдықорған облыстарын басқарды.

“Ұлық болсаң кішік бол”. Бәйкен Әшімовтың көзін көрген адамдар оны үлкен-кішіге бауырмалдық сезіммен қарайтын дейді. Жақсылық Ысқақов нар тұлғамен 29 жасында танысады. Ол кезде Бәйкен Әшімовтің Көкшетау обкомының 2-ші хатшысы міндетін атқарып жүрген кезі. Екі жерлес 61 жылдың күзінде Ақмола қаласында тың игерушілердің 1-ші слетінде кездеседі. Сол жиында қоғам қайраткері Жақсылық Ысқақовқа өміріне азық болатындай нақыл сөз айтқан. Атамыз арада ондаған жылдар өтсе де, жадында сақтап, ағасының сол сөзін ұмытпай келеді.

Жақсылық Ысқақов, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

-Атқа мінген уақытта тізгініңді өзің мықтап ұста. Ешкімге берме. Ешкімді қатынастырмай мұмысыңа өзің мығым бол деді. Міне, сол сөздері маған қатты әсер етіп, мен еңбек жолымда біраз жоғары лауазымдарды басқардым.

Алматыда ҰОС ардагері Бәйкен Әшімов тұрған үйге естелік тақта орнатылған. Сол шаһардағы орталық мешітке Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен нар тұлғаның есімі берілді. Енді, міне, өміріне алғаш жолдама алған оқу ошағының маңында мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған мемориалдық тақта ортадан ойып тұрып орын алды.
Бәйкен Әшімовке арналған мемориалдық тақтаны облыс әкімі Ерік Сұлтанов және жерлесіміздің ұлы Оңдасын Әшімов ашты.

Оңдасын Әшімов, Бәйкен Әшімовтың ұлы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры.

-Бұл жерде әкемді білген-көрген адамдар келіп еске алады. Жастарға бұл үлкен тәрбие. Олар осы білім ошағында осындай нар тұлғаның оқығандығын біліп, әрдайым мақтаныш етіп жүреді.

Салатанатты шарадан соң өңір жетекшісі меймандармен Бәйкен Әшімов оқыған білім ошағын аралады, колледж мұражайында болды. Музейдің бір бұрышы данагөй саясаткер Бәйкен Әшімовке арналған. Мұнда тау тұлғаның қысқаша өмірбаяны және еңбек жолындағы жетістіктерінен сыр шертетін фотосуреттер мен кітаптар қойылған.

 

 

Берик Касен.