Бизнес және экономика

Депозит аш та – көлік ұтып ал

Петр Салохин – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавлдағы филиалының директоры.

-“Басқар” депозитінде өз ақшаңызды салудың ең қолайлы талаптары көрсетілген. Оған қоса, банк тұтынушысы сыйақы мөлшерін таңдау мүмкіндігіне ие болып, депозиттің мерзімін бірнеше рет шектеусіз автоматты түрде ұзарта алады. Тиімді мөлшерлемесі 1,5%-дан 10,5% дейін.

Ал “Көбейт” депозитін 3 жылға ашуға болады. Тиімділігі сол – салымшы ешбір шектеусіз қаражатын кез келген уақытта толтыра алады. Дегенмен, одан ақшаны арасында алып отыру қарастырылмаған.

Петр Салохин – “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавлдағы филиалының директоры.

-“Көбейт” депозитін ашқан жағдайда да салым мерзімін бірнеше рет шектеусіз автоматты түрде ұзартуға мүмкіндік бар. Бастапқы жарнаның ең төменгі сомасы 15 мың теңгені құрайды. Тиімді мөлшерлемесі 2,5%-дан 10,5% дейін.

Айта кеткен жөн, аталған акция Сбербанктің еліміздің өзге аймақтарында орналасқан филиалдарының барлығында өтуде. Ұтыс иегерлері Алматы қаласындағы бас кеңседе шілденің 1-і күні компьютер көмегімен анықталмақ. “Сбербанк” АҚ-ы бұған дейін де тұрғындар арасында тұрмыстық техника мен ақшалай ұтыс ойындарын өткізген еді. Банк жыл соңына таман клиенттеріне арнап тағы бір акцияны ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Бакыт Садуакасов.