МТРА жаңалықтары

6637 әскери бөлімінде сарбаз Қағазбек Нұрсейітовтың құрметіне “Батыр бұрышы” ашылды

Руслан Сүлейменов – 66 37 әскери бөлімінің 2-ші взвод командирі.

-Бүгін 7 мамыр мерекесі қарсаңында, 1-ші атқыштар ротасында батыр сарбаз Қағазбек Нұрсейітовке арналған мемориалдық стенд ашылды. Біз бұл жауынгердің ерлігін мақтан тұтып, осындай батырды сарбаздар, офицерлер мен осы бөлімдегі жауынгерлер үлгі етеміз.

Бұдан кейін жиылған қауымға жедел қызмет жауынгерлері әскери машықтарын көрсетті.

Сондай-ақ, келген мектеп оқушыларына сарбаздардың казармасы таныстырылып, әскери қару-жарақ мен техниканың көрмесі ұйымдастырылды.
Енді мамырдың 6-сында Сергеевка қаласында Қағазбек Нұрсейітовке арналған ескерткіш ашылмақ.

 

Сагыныш Маркашева.