Без категории

Жеңісті жақындатқан қария

Шаяхмет Мұрзақанов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-1943 жылы Совет райвоенкоматына армия қатарына алындым. Сол алынғаннан кейін Алматинский военный пихота училищесіне түстік. Содан барғаннан кейін присяга қабылдадық.. Біз жаулардың тылына баратын десантшылар екенімізді сол кезде ғана білдік.

Мен үшін бұл ауыр кезең болды дейді ақсақал. Соғыс кезінде талай жан-жолдастарынан айырылған. Бірақ, жерлесімізге Жеңіс күнін көру бақыты бұйырыпты. Өмірімдегі маңызды сәттерімнің бірін Прагадан 50 шақырым қашықтықта орналасқан Табор станциясында қарсы алдым, – деп еске алады майдангер қария.

Шаяхмет Мұрзақанов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

 

-9 мамырда Табор деген станцияда акцияның ішінде палаткада жатқанбыз. Сол жерде таңертең сағат 5-те горн ойнады. Бізге жау шапты деп ойлап,бәріміз қатарға тұра қалдық. Бір уақытта замполит айғайлап келді Жеңіс, Жеңіс деп.Сол кезде біздің армияның жеңгеніне сене талмадық.

1950 жылы үйіне оралған ардагер 40 жыл бойы мемлекеттік қызметкер болып жұмыс жасап, зейнетке шыққан. Кеудесі медальдар мен орденге толы қария 5 баланың әкесі атанып, 9 немереден 8 шөбере сүйіп отыр. Үлкен атасын келе жатқан мерекесімен құттықтап 6 жасар Абай да келіпті. Ол – Шаяхмет атаның шөбересі. Кішкентайлығына қарамастан, Абай майдангерге арнап әдейі өлең де айтып берді.


Айгерім Ержанова.