Спорт

Петропавлда веложарыс өтті

Назгүл Мырзагельдинова – жарысқа қатысушы.

-Бұл жарысқа көп уақыт бойы дайындалдым. Қарсыластарым мықты. Сайыста жеңіске жететініме сенімдімін.

Қалалық веложарыс 12-16 жас аралығындағы ұл балалар мен қыздар арасында өтті. Сайыста барлығы 80-ге жуық велошабандоз бәсекеге түсті. Дүбірлі додаға қатысушылар 5, 10 және 20 шақырым қашықтықты бағындырулары керек.

Владимир Парахин – жарыстың бас төрешісі.

-Жалпы, жарыстың деңгейі жоғары. Қатысушылардың дайындықтары жаман емес. Әсересе, үлкен топтағы велошабандоздар бір-біріне дес берер емес. Бәсеке бар жерде жақсы нәтиже болады.

Қалалық веложарыс 2 күнге созылды. Бұл сайыста жеңіске жеткен спортшылар мамырдың 8-ші жұлдызында Ресей Федерациясының Омбы қаласында өтетін додаға қатысуға жолдама алады.

 

 

Сагыныш Маркашева.